Бөлім басшысы

 

Дайыр Қадырұлы Сапаров 1957 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Фурманов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1978 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы орта мектептің физика пәні мұғалімі.


Еңбек жолын 1978 жылы бұрынғы Фурманов ауданының Қараөзен сегізжылдық мектебінде физика пәні мұғалімі болып бастаған.


1981-1982 жылдары Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы №3 орта мектептің физика пәні мұғалімі.


1982-1983 жылдары Арқалық қаласындағы Родина орталық мектебінің еңбек, сызу және сурет пәндерінің мұғалімі, мектептен және сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі ұйымдастырушы.


1983-1990 жылдары Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы №3 орта мектептің физика пәні мұғалімі, сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі ұйымдастырушы, №10 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.


1990-1993 жылдары Арқалық қаласындағы Айдар орта мектебінің директоры.


1993-2001 жылдары Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы №4 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры.


2001-2003 жылдары Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі.


2003-2006 жылдары Орал қалалық білім бөлімінің басшысы.


2006-2008 жылдары Орал қаласының №34 орта мектептің директоры.


2008-2010 жылдары Орал қалалық білім бөлімінің мектеп бөлімі меңгерушісі, қалалық білім бөлімі басшысы.


2010-2012 жылдары Орал қаласының білім беру бөлімінің Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі директоры.


2012-2016 жылдары облыстық мамандырылған дарынды балаларға арналған №8 мектеп директоры.


2016-2018 жылдары Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы.


2019 жылдың 6 наурызынан бастап Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы.