Құрметті қосымша білім беру ұйымдары педагогтері!

Қазіргі кезде жас ұрпақты тәрбиелеуде қосымша білім берудің рөлі ұлғайып келе жатыр.

        

Балаларға қосымша білім беру, тұлғаны оқытудан, тәрбиелеуден және шығармашылық дамытудан басқа, әлеуметтік маңызы бар басқа да проблемалар қатарын шеше алады, олар: балалардың бос уақытын қамтуды, олардың өздігінен жетілуін және әлеуметтік бейімделуін, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, бақылаусыздықтың, құқық бұзушылықтың және балалар мен жасөспірімдер арасында бейәлеуметтік көріністердің алдын алады. Балаларға қосымша білім беру негізінде таңдау бойынша сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, балалар мен жанұялардың әлеуметтік экономикалық проблемаларын, жалпы қоғамның сауықтыру проблемаларын шешеді.

 

Балаларға қосымша білім беру балаға өзінің жеке дара білім алу жолын анықтауға, өзінің қабілеттеріне сәйкес, оқу үлгеріміне қатыссыз, табысқа жету мүмкіндігін береді, балаларға өз ойларын білдіруге, өздігінен дамуға және өзін-өзі анықтауға жағдай жасалады және  бала сабақтың түрлерін, мазмұнын өзі таңдайды, сәтсіздіктен қорықпайды. Осының барлығы табысқа жетудегі психологиялық ахуал тудырады, бұл өз кезегінде оқу ісіне оң әсерін тигізеді.

 

Биыл қосымша білім беру саласына 100 жыл толып отыр. Яғни, осыдан бір ғасыр бұрын мектеп оқушысына білім берумен қатар музыкаға, спортқа, туризмге баулу мақсатында қосымша сабақтар оқытыла бастады. Қазіргі кезеңде Республикамызда қосымша білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

 

Елімізде білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қосымша білім берудің, оның негізгі субъектісі мектептен тыс ұйымдар қызметінің өзектілігін арттыра бермек. Өйткені қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептермен, басқада білім беру орындарымен бірлесе біріңғай үздіксіз білім беру жүйесін құра отырып жұмыстанады.

 

Қосымша білім беруге 100 жыл толуына орай республика көлемінде, соның ішінде біздің батыс өлкесінде ауқымды шаралар атқарылуда. Облыстық әдістемелік  кабинетінің «Қосымша білім беру ұйымдарына – 100 жыл» концепциясына сәйкес 3-8 желтоқсан аралығында барлық білім беру ұйымдарында қосымша білім беру ұйымдары мен педагогтерінің мәртебесін көтеру және озық жұмыстарын насихаттау бағытында БАҚ беттеріне, әлеуметтік желілерге құттықтау, мақала, бейнероликтерді ұжым, ата-ана, оқушы, әріптес атынан  жариялана бастады. 

 

Біздің ауданның қосымша білім беру ұйымдарының, педагогтері мен қатысып жүрген оқушылардың облыс, республика, халықаралық деңгейде жетістіктері жеткілікті. Оны барлығымыз БАҚ беттерінен көріп жүрміз. Қосымша білім беру педагогтерінің 80 пайызы тәжірибелі педагогтер. Сол қосымша білім беру педагогтерінің ендігі басты міндеті қосымша білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып қосымша білім берудің өз нәтижесі мен оны анықтаудың өз әдістемелерін жетілдіру, дамыту болып табылады.

 

Аудан жұршылығы мен білім беру бөлімі атынан болашақ ұрпағымыздың бойына ерекше эстетикалық, патриоттық, салауаттылық тәрбие қалыптастыратын барлық қосымша білім беру ұйымдары мен педагогтеріне мерекелік құттықтауды жолдаймын! Алдыңызға келген жас буынның шырағын жағу жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

 

Сырым аудандық білім беру бөлімінің

басшысы З.М.Ергазиева